«Өлеңмен қайта өрілді Мағжан ақын!»

08.04.2015

2015 жылдың сәуірдің 7 күні  № 65 мектеп-гимназияда «Өлеңмен қайта өрілді Мағжан ақын!» атты аудандық Мағжан оқулары өтті. Оқу дәстүрлі 3 бөлімнен тұрды:
  1. «Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!» Ақын өлеңдерінен мәнерлеп оқу бөлімі.
  2. «Мағжан шығармашылығының сипаты». Ақын шығармашылығы жайлы баяндама қорғау.
  3. «Ай – алқа, Жұлдыз – жүзік, ақша маңдай... »  Оқушының өз шығармашылығы, көріністер, ақын сөзіне жазылған әндерді орындау.
Біздің  мектебімізден 3 оқушы қатысты. Нәтижесінде:
«Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған!» номинациясы бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Құрманәлі Ерболат (жетекшісі – Жұмағалиева Жанерке), «Мағжан шығармашылығының сипаты» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Ормантаева Аружан да (жетекшісі – Онор Алтынгүл) мақтау қағазымен марапатталса, 5 «Б» сынып оқушысы Рахметов Айбек       (жетекшісі -  Ахметова Жанар)
 «Ай – алқа, Жұлдыз – жүзік, ақша маңдай... » номинациясы бойынша І орынды қанжығасына байлап қайтты. 
Қатысқан оқушыларымызды, дайындаған жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено