"Сатылай кешенді оқыту" технологиясы

20.03.2015

    
  
        Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап Білім басқармасының 29.08.2014ж  №551 бұйрығы негізінде  «Сатылай кешенді талдау»  технологиясы бойынша эксперименттік сыныптар жұмыс істейді. Мектепішілік олимпиадаға эксперимент бойынша  жұмыс істейтін  12 команда - 1 А», 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г», 1 «Ғ», 1 «Д», 4 «Б», 4 «Б», 5 «А», 5 «А» сыныптары қатысты. Әр сыныптан 7 оқушыдан қатысып, команданың аты, ұраны, топ басшысы, жетекшісі болды. Мектепішілік олимпиадаға қала мектептерінін арнайы комиссия мүшелері ретінде №8 орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Боранбаева Айгүл Қайроллақызы, №66 мектеп-лицейінен бастауыш сынып мұғалімі Шалова Роза Мейірбековна және №4 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Қалқанбаева Марфуға Қыдырмолдақызы келіп, командаларды іріктеу жұмысын атқарды. Комиссия қорытындысы бойынша 12 команданың 10 командасы  қалалық ауызша олимпиадаға жолдама алды.
 

 


 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено