Азаттық таңын аңсаған...
11.02.2015Сайыстың негізгі мақсаты, жаратылыстану - медицина ғылымдары саласының дамуына үлес қосқан Алаш қайраткерлері жайында мәліметтер беру арқылы, оқушылардың білімдерін кеңейту, патриоттық тәрбие беру.
8 "А" сыныбы "Халел Досмұхамедов", 8 "Ә" сыныбы "Ғазымбек Бірімжанов", 8 "Б" сыныбы"Халел Ғаббасов", 8 "В" сыныбы "Иса Қашқынбаев" атындағы топ болып сайысқа түсті.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр топ өздеріне берілген қайраткерлер туралы баяндап, презентация қорғады. Сайыстың басқа кезеңдері сұрақ-жауап және мәнерлеп оқудан тұрды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жақсы дайындықтарын көрсетіп, белсенділік таныта білді. Аталған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Community discussions
Обсуждений не найдено