Бас жүлдені еншілеп...

11.02.2015

10 ақпан күні Астана қаласы "Сарыарқа ауданының мемлекеттік тілде білім беретін мектептері арасында №58 мектеп-гимназиясында М.Мақатаев оқулары үш номинация бойынша өткізілді:
1. "...Қасиетіңнен қара өлең, айналайын"
2. "Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің"
3. "Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!"
"...Қасиетіңнен қара өлең, айналайын" номинациясы бойынша 7 "Ә" сынып оқушысы Сапиева Айғаным ақынның шығармаларын жатқа оқып "Бас жүлдені" жеңіп алса, "Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!" жас ақындар номинациясы бойынша 6 "Ә" сынып оқушысы Ұзақбаева Шапағат та шығармаларынан жинақ ұсынып, төл туындысын оқып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

                                                                                   Р.Жұмашева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено