Әліппеге мың тағзым!

24.12.2014

«Әліп­пемен қоштасу» ертеңгі­лігіне тыңғылықты дайындалған 1-сынып оқушылары өлең оқып, ән айтып, би билеп бар өнерлерін ортаға салды. Көптің алдында мүдірмей сөйлеуге жаттығып қалған оқушылар зерек, алғыр екендіктерін аңғартты. Әріптер әлемімен толық танысып, келесі кезеңге қадам басты. Енді балалардың дүниетанымы «Ана тілі» оқулығы арқылы одан әрі кеңейе түседі.

Ертеңгілік соңында оқушылар естелік суретке түсіп, оларға кітаптар мен сыйлықтар үлестірілді.

                                                      С.Уалиева, мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

  

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено