Астанада үздік мұғалімдерді марапаттау рәсімі өтті.

04.10.2014

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов жылдың үздік мұғаліміне көлік кілтін табыстады. Жылдың үздік мұғалімі атағын Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Сайлаукүл Қаршыға еншіледі.


                                  Құрметті Сайлаукүл Сламбекқызы!

   "Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, ұстаз - қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Сіз бүгінгі күні мектебіміздің мақтанышына айналып отырсыз.
  Сіздің жарқын көңіліңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүректеріне білім нәрін төгуде. Мерейлі мерекеде жеткен толағай табысыңызбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге шығармашылық шарықтау тілейміз!
                        
                                                  МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено