Қалалық сенбілік

20.09.2014

20 қыркүйек қалалық сенбілікке байланысты №59 мектеп-лицейінің оқушылары мен мұғалімдері,сондай-ақ ата-аналар мен әкелер кеңесі мектеп аумағын  тазалау жұмыстарына қатысты. Сенбілік салтанатты жиыннан басталды.ҚР әнұраны орындалғаннан кейін мектеп-лицейінің директоры З.Ғ.Жусупова сөз сөйлеп,оқушыларды салауатты өмір салтына орай таза қала болуға өз үлестерін қосуға шақырды. Сондай-ақ, 1 сыныптардың атынан сөз сөйлеген Қ.Б.Борбасов ағаш отырғызу дәстүрін құптайтынын айтып, мектебіміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуға әрқашан дайын екендігін айтты.Лицейдің жылдағы дәстүрі бойынша 1-сыныптың  ата-аналары мен бүлдіршіндері  «1-сыныптар аллеясына»  11 түп шырша ағаштарын әкеліп отырғызды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено