№1 Балалар музыка мектебі Астана күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырады
02.07.2014Құрметті қала тұрғындары біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Астана күніне орай Сіздерді №1 Балалар музыка мектебінің «Аяулы Астанам» атты концертіне шақырамыз!!! Концерттік бағдарламада Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаттары, «Астана» ұлт аспаптар оркестрі қатысады. Астана күні мерекесінде сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тілейміз. Өткізілетін орны мен уақыты: М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы 6 шілде сағ:10:00. Сонымен қатар, шілденің 1-нен бастап, №1 Балалар музыка мектебінің оқушылары Елордамыздың туған күніне арналған қалалық іс-шараларға қатысады.
Community discussions
Обсуждений не найдено
