«Астана қаласы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ тұрғындары үшін қайырымдылық акциясы
11.06.2014Астана күні мерекесіне арналған іс-шаралар шеңберінде «Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС 2014 жылы 11 маусымында «Астана қаласы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» ММ тұрғындары үшін қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шараларға қатусышылар: колледждің оқытушылары мен «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының студенттері.
Осы акция жас ұрпақтың үлкен адамдарға деген сыйластық, борыш, қайырымдылық, мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу, рухани байлықтарын бекіту мақсатында ұйымдастырылды.
Қарттарға студенттердің жасаған көмегі әр тұрғынның жүрегінде мейірімнің кішкентай бір бөлігін және өскелең ұрпаққа алғысын қалдырды.
Community discussions
Обсуждений не найдено