«Бүгін менің туған күнім...» атты Мұқағали оқулары

26.02.2014

Ақпанның 26 күні Астана қаласының Білім басқармасының ұйымдастыруымен ақиық ақынымыз М.Мақатаевқа арналған «Бүгін менің туған күнім...» атты дәстүрлі қалалық Мұқағали оқулары болып өтті. Аталған іс-шараға қала мектептерінен 71 мектеп қатысты. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанғандардың ішінде біздің де мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан үзіндіні сахналандырып, «Менің пірім- Мұқағали» номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Нуркишова Жанель, Тұрсынханова Әнел, Серіков Әлішер және 9-сынып оқушысы Беділханов Ағзам III дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Малғаздарова Бақыш Естайқызы мен Бабажанова Оразгүл Дауылбайқызы. Осы жақсы жаңалықтармен оқушыларымыз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтап, келешекте биік-биік белестердің шыңынан көріне берулеріне тілектеспіз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено