Президент Үкіметке жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшуді қарастыруды тапсырды

20.01.2014

Жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшуді қарастыру қажет.

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Алдағы 2-3 жылда дуальді техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық жүйенің өзегін қалыптастыру керек. Перспективада жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшуді қарастыру қажет», - деп тоқталды Президент.

«Үкіметке биылғы жылдың 1 маусымына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстарды енгізуді тапсырамын»,- деді  Мемлекет басшысы.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено