20 қыркүйек күні № 10 мектеп- гимназияда Қазақстан халықтарының достығы мен бірлігін дәріптейтін «22- қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне» арналған салтанатты мерекелік кеш өтті. Оқушыларды өзге халықтардың мәдениеті мен тілін білуге, құрметтеуге үйретер, үш тұғырлы тіл саясатын қолдауға баулитын, Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт –дәстүрін насихаттайтын бұл шара оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар, оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерінің дамуына өзінің зор үлесін қосты. Шара барысында 5-8 сынып оқушылары ана тілге, жалпы тілге деген құрметтерін өздерінің мәнерлеп оқыған өлеңдері арқылы көрсетті. 11- сынып оқушысы Илиясова Наргиз, 10- сынып оқушысы Биржанов Ораз өзге ұлт өкілдері тілдерінде ән шырқады. 8-10 сынып оқушылары әр ұлттың билерін ұсынды. Кештің соңы 10-сынып оқушысы Биржанова Дильнураның орындауындағы патриоттық «Астана» әнімен аяқталды. Шара мәресі өз мақсатына жетіп аяқталды.
Read more
2017 жылдың 20-21 қыркүйегінде №10 мектеп-гимназияда жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 1-11-сыныптардың ата-аналары қатысты. Ата-аналар жиналысында тарих мұғалімдері С.М.Альмагамбетова, Қ.Қарабалаұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын ата-аналармен бірге талқылап, бала тәрбиесіне қатысты жақтарын атап өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ж.Жарасбаев мектептің ішкі тәртібімен, жаңартылған білім мазмұнына көшуге орай білім саласында болып жатқан жаңалықтармен таныстырып өтті. Ұстаздар мен ата-аналар 2017-2018 оқу жылына мектептің алдына қойылатын мақсаттар мен міндеттерді анықтап алды.
Read more
«Көңілі көтеріңкі тәрбиешінің- еңбегі де жемісті»
Психологиялық тренинг 25.09. 2017 ж. сағат 15. 30 –да Астана қаласы әкімдігініің КММ «Кәсіптік техникалық колледжінің» психологы Боранба…
Read moreИнаугурация школьного самоуправления
22.09.2017 года в школе-лицее №79 прошли выборы президента ученического самоуправления. Была проведена большая работа. Каждый кандидат должен бы…
Read moreCommunity discussions
Обсуждений не найдено
