29.01.2014
Просмотров: 641
Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі қаңтардың 8-9 күндері болды.Біздің дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінен қалалық олимпиадаға биыл 78 оқушы қатысып, 39 жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда, І-орын -10, ІІ орын- 14, ІІІ-орын-15.Барлық жүлденің 17-сі математика мұғалімі Муаммер Гүл баптаған шәкірттерге тиесілі.Информатика, химия, биология пәндері құр алақан емес.