06.03.2014
Просмотров: 675
Мектебімізде жас мамандар бірлестігі жұмыс жасайды. Жас мамандардың қатары жылдан- жылға көбеюі көңіл қуантады. Биылғы оқу жылында «мұғалім мамандығының қыры мен сырын ұғынамын, шәкірт тәрбиелеймін» деген үміт арқалаған 24 жас маман бар. Әр жыл сайын жас мамандардың фестивалі өту дәстүрге айналған. Сондай игілікті іс-шара биылғы жылы да болып өтті. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» тақырыбында ұйымдастырылған фестиваль өз мәресіне жетіп, өз жеңімпаздарын айқындады.