19.03.2014
Просмотров: 707
Барша шығыс халықтарының жыл басы – Наурыз мерекесін Білім басқармасының мамандары, білім беру ошақтарының басшылары, колледждердің директорлары үлкен жауапкершілікпен, ерекше ықыласпен атап өтті. Жер-Ананың бусанып, күн шуағына бөленетін, мерейлене, құлпыра түсетін шағында, адамдардың бір-біріне туған бауырындай кешірімді де кең болатын, өнерлінің өрісі кең екендігін көрсете білді. М.Утемісұлы атындағы оқушылар сарайында 19 наурызда Астана қаласының Білім басқармасы Наурыз мерекесін атап өтті.