Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

"Қызғалдақ" сырласу клубының ұйымдастыруымен "Асыл әже, сүйкімді немере" атты байқау өтті.

29.03.2014
Просмотров: 944
"Қызғалдақ" сырласу клубының ұйымдастыруымен "Асыл әже, сүйкімді немере" атты байқау өтті. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Самал Серікқызы. Сайысқа әр сыныптан бір әже, бір немереден қатысты. Төрелік еткен әділ-қазылар : мектеп директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызы, директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ғазиева Жанна Қасенханқызы, директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Хамит Жұмагүл Жанпейісқызы, ақын ұстаз Ашымжан Үрімжан.
Толығырақ >>

Наурыз мерекесіне арналған салтанатты бастауыш сыныптан бастап, І және ІІ ауысым бойынша сап түзеу өткізілді.

29.03.2014
Просмотров: 810
Наурыз мерекесіне арналған салтанатты бастауыш сыныптан бастап, І және ІІ ауысым бойынша сап түзеу өткізілді. Сап түзеуді Наурыз қыз-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабашова Динара Мейрамбекқызы жүргізді. Бүлдіршіндер жырдан шашу шашып, кішкентай әнші жұлдыздар әндерін шырқады, Қыдыр ата-Мұқанов Қадырғазы ақ тілек батасын берді. Жиын соңы қазақтың "Қара жорға" биін барлық оқушылар билеп, көңілді тарқасты.
Толығырақ >>

Ең үздік мектеп психологы

29.03.2014
Просмотров: 322
27 наурызда №70 мектеп-гимназиясында «Ең үздік мектеп психологы» атты қалалық байқау өтті, байқаудың қорытындысы бойынша біздің мектептің психологы Вишневская Людмила Антоновна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Толығырақ >>

Дарынды балаларға – талантты ұстаз!

29.03.2014
Просмотров: 335
2014 жылғы 28 наурызда №70 мектеп-гимназиясында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» қалалық байқау өтті. Біздің мектептің командасын құттықтаймыз, команда құрамында болғандар: 1. Евченко Анна 2. Арабова Алия 3. Бахтыбаев Алишер 4. Гараев Тимур 5. Коньшин Андрей Оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті және «Сегіз қырлы – бір сырлы» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды. Жарайсыңдар! Осылай жалғастыра беріндер!
Толығырақ >>
Обсуждение | Показать все